««Компьютерлік дизайн» мамандыққа баулу курсын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері»  мәселесі жөніндегі біліктілік арттыру курсының

оқу-тақырыптық жоспары (15-26.01.2007 ж.)

санаты:  облыстық, Алматы және Астана қалалық педагог мамандардың біліктіліктерін арттыру институтының информатика кабинетінің меңгерушілері мен әдіскерлері және шығармашылықпен жұмыс жасайтын информатика мұғалімдері

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып атаулары

Сағаттар саны

 

 

 

 

Дәрiскерлер

Барлығы

Дәрiс

ЗТС

1.

12-жылдық бiлiм беруге көшу  барысында Информатиканы оқытудың методологиялық негiздерi

4

2

2

Мұхамбетжанова С.Т.

2

Информатика пәнiн кәсіби бағытта оқытудың теориялық негiздемесi

6

4

2

 Мұхамбетжанова С.Т.

 

3

Компьютерлік дизайнды оқытудың дидактикалық негіздері

4

4

 

Мұхамбетжанова С.Т.

 

4

CorelDraw программасын үйретудің әдістемелік негіздері

16

4

12

Мұхамбетжанова С.Т.

Бұлтұлы Е.

5

Photoshop программасын үйретудің әдістемелік негіздері

16

4

12

Мұхамбетжанова С.Т.

Бұлтұлы Е.

6

Балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында АҚТҚ ЖҚТБ нашақорлықтың, алкологизмнің, таксикомания мен темекі шегудің алдын алу

2

2

 

Тайтанова Н.Қ.

7

Информатика пәнін оқытудың тәрбиелік мәселелері

6

2

4

Тайтанова Н.Қ.

8

Графикалық ортада ақпараттарды түрлендірудің әдістемелік ерекшеліктері

8

2

6

Мұхамбетжанова С.

9

Кәсіби бағытта информатиканы оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері

6

2

4

Мұхамбетжанова С.

10

Конференция “Информатика пәнiн кәсіби бағытта оқытудың дидактикалық ерекшелiктерi”

4

-

4

Әлмұхамбетов Б.А.

Мұхамбетжанова С.Т.

 

Барлығы

72

24

48

 

 

 

 

 

 

 

Орталық  меңгерушiсi, п.ғ.к.,

ғылыми жетекшi:                                                                Мұхамбетжанова С.Т.


ТҮСIНIКТЕМЕ ХАТ

 

Курстың көкейкестiлiгi. 12-жылдық бiлiм беру жүйесiне көшу жағдайында информатика пәнiн кәсіби бағытта оқытудың құрылымы мен мазмұнындағы өзгерiстер бүгiнгi күннiң негiзгi проблемасына айналып отыр. Сондықтан аталған проблеманы шешу барысында «“Компьютерлік дизайн” мамандыққа баулу курсын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері»  тақырыбында курсты ұйымдастыру қажеттiлiгi туындайды. Аталған қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн облыстық (қалалық) педагог мамандардың бiлiмiн көтеру институттарының информатика кабинетiнiң меңгерушiлерi мен әдiскерлері және шығармашылықпен жұмыс жасайтын информатика мұғалімдері санаты таңдап алынды.

Курстың мақсаты – 12-жылдық бiлiм беру жүйесiне көшу жағдайында информатика пәнiн кәсіби бағытта оқытудағы құрылымдар мен мазмұнындағы өзгерiстердi  әдiскерлерге түсiндiру арқылы осы бағыттағы  бiлiм деңгейлерiн жетiлдiру.

Курстың мiндеттерi:

-         тыңдаушыларды 12-жылдық бiлiм беру жүйесiне көшу жағдайында информатиканы кәсіби бағытта оқытудың тұжырымдамалық негiздерімен таныстыру;

-          тыңдаушыларды информатика пәнiн кәсіби бағытта  оқытудың құрылымы мен мазмұнындағы өзгерiстермен таныстыру;

-          тыңдаушыларды компьютерлік дизайнда жұмыс жасау технологиясымен  таныстыру, оны ғылыми-теориялық және дидактикалық тұрғыдан негіздеп, таңдауға үйрету;

-         тыңдаушыларды Coreldraw және Photoshop программаларының жұмыс жасау технологиясымен таныстырып, графикалық ортада ақпараттарды түрлендіруге  үйрету;

-         тыңдаушыларды информатика пәнiн кәсіби бағытта оқытудың  теориялық негiздерiмен  және дидактикалық бiрлiктерiмен  қаруландыру;

-         тыңдаушыларды информатиканы оқытудың тәрбиелік мәселелерін шешу білімімен қаруландыру;

-         тыңдаушыларға информатика пәнiн кәсіби бағытта оқытуда мұғалiмдерге  қойылатын қазiргi талаптарды жан-жақты үйрету арқылы  олардың кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру.

Курстың мазмұны 3 модульден  тұрады:

I. Нормативтiк-құқықтық модуль

1.     12-жылдық бiлiм беру жүйесiне көшуде информатика пәнін оқытудың мемлекеттік білім стандартының мақсаттары мен мiндеттерi

2.     12-жылдық бiлiм беру жүйесiне көшу жағдайында информатиканы 1-12 сыныптарда оқытудың тұжырымдамасының мақсаты мен келелi мiндеттерi

3.     Информатика мұғалiмдерiнiң қызметiн бағалауға қойылатын қазiргi талаптар

II. Ғылыми-теориялық модуль

1.     Информатика пәнiн кәсіби бағытта  оқытудың мазмұнын талқылау.

2.     Информатика пәнiн кәсіби бағытта оқытуда компьютерлік дизайнды  енгiзудiң теориялық негiздемесi

III. Педагогикалық-психологиялық модуль

1.      Информатика пәнiн кәсіби бағытта оқытудың сапасын арттыру жолдары.

2.      Информатика пәнiн кәсіби бағытта оқытуда компьютерлік дизайнды енгізудің  дидактикалық негiздерi.

3.      Графиктік ортада түрлі ақпараттарды түрлендірудің дидактикалық негiздерi.

4.      Coreldraw және Photoshop программаларын үйретудің  дидактикалық аспектiлерi.

5.      Информатика пәнiн мамандыққа баулу бағытында 11-12 сыныптарда оқытудың дидактикалық аспектiлерi.

6.      информатика пәнін кәсіби бағытта оқытудың трәбиелік мәселелері.

Курстың мазмұнына сәйкес дәрiске – 24 сағат, зертханалық-тәжiрибелiк  сабаққа – 48 сағат бөлiнген.

Курс бағдарламасының құрылымында негiзгi бөлiмнiң мазмұндары, тыңдаушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар, зертханалық-тәжiрибелiк сабақтың жоспары, тыңдаушылардың бiлiмiне қойылатын бақылау сұрақтары қарастырылған.

 

Хостинг от uCoz